ШҚО-да бір әйелді өлтіріп, екіншісінің өміріне қастандық жасағаннан кейін оларды өртеп жібермек болған үш жігіт құрықталды

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бір әйелді өлтіріп, екіншісінің өміріне қастандық жасағаннан кейін оларды өртеп жібермек болған үш жігіт құрықталды.
None
None

ШҚО-ның Ішкі істер департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, үстіміздегі жылғы 8 қыркүйек күні, таңсәріде Өскемен қаласындағы «Алтайский строитель» бағбандық қоғамдастығындағы үйлердің бірінде өрт болып, құтқарушылар оқиға орнынан екі әйелдің денесін тапты. 35 жастағы Надежда жантәсілім еткен, ал 23 жастағы Инганың тамағында шаншылған жараның ізі болса да, тамыр соғысы болған. Жас қыз жансақтау бөліміне жеткізілді, қазір оның өмірі үшін дәрігерлер күресуде.

Тергеу барысында анықталғандай, қайғылы оқиғаның желісі былай өрбіген: 7 қыркүйек күні ішімдікке ақшалары жетіңікіремей «Самал» дүкенінің жанында тұрған екі құрбының жанына үш жігіт келеді. Танысқаннан кейін ойлары бір жерден шыққан олар, бірігіп ішімдік сатып алады. Алдымен олар үйлердің бірінің ауласына келіп таныстықтарын жалғастырып, денсаулық үшін көтере бастайды. Аула тұрғындарының наразылықтары олардың отырыстарының шырқын бұзады. Жігіттердің бірі ерлік жасап, барлығын досының саяжайына шақырады. Ары қарай не болғаны болжал ғана. Ең бірінші есін жинаған Алексей жан тәсілім еткен Надежданы және қанға бөгіп қырылдап жатқан Инганы көріп, шошығанынан Егорды оятады. Үшінші достары Игорь: «Бұл іске барлығымыздың қатысымыз бар, сондықтан, «табанымызды жалтыратайық»,- деп бірден басын ала қашады. Егор мен Алексей қорыққандарынан естерін жинай алмай отырғанда, Игорь: «Құтылудың бір-ақ амалы бар, үйді өртеу керек!» - деп, кепкен бұталарды әкеліп бөлменің бұрыштарына лақтырады да, саяжайды өртей бастайды.

ІІД-ден анықтағандай, екі әйелдің де тұрақты тұрғылықты жерлері және тіркелімдері болмаған.

Өскемен қаласы бойынша Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Андрей Муланың айтуынша, Игорь өз күнәсін бірден мойындады. Ол қамауға алынды, ал қалған екеуінен ешқайда кетпеу туралы қолхаттар алынды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар