ШҚО-да бір жастағы бала электр желісінің қауіпсіздігі сақталмағандықтан ауруханаға түсті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан иіс тиген бір жастағы бала ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлер бақылауында, деп хабарлады ТЖД.
None
None

Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамағандықтан облыста электр жабдығын жөндеу және оны пайдалану кезінде 70-ке жуық өрт шығып, 1 адам қаза тапқан. ШҚО-да орын алған өрттің жалпы санының 13 пайызы электр жүктемесі мен қысқа тұйықталу салдарынан орын алады.
ШҚО ТЖД Мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бастығы Ринат Қоңдыбаевтың айтуынша, үйде қолданылатын электр аспаптарының саны көбейгендіктен, тұтынатын қуат та артады. Ал пайдаланылып отырған сымдар мен кәбілдер мұндай қуатты көтермеуі мүмкін. Апатты режімде жұмыс істегендіктен, тілсіз жаудың тууына негізгі себеп болып отыр.

Соңғы жаңалықтар