ШҚО-да биыл мектеп оқушыларының 98%-ы жазғы демалыспен қамтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-да биыл мектеп оқушыларының 98%-ы жазғы демалыспен қамтылды, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Олар үшін 57 қала сыртындағы лагерь мен 600-ден астам мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істеді. Сонымен қатар балаларға арналған жаңа экологиялық-туристік демалыс орындары ашылып, жеткіншектер шатырлы лагерь тәртібімен де танысуға мүмкіндік алды. Шығыс Қазақстанның әсем табиғатына оқушылар да тәнті болуда. Риддер қаласының шетінде жазғы демалысын өткізіп жатқан Таина Кусакина өз өлкесінің өсімдік әлемін зерттеп, танымын тереңдетті. Өйткені бұл демалыс орнына Батыс-Алтай қорығы жақын орналасқан.

«Меніңше, Шығыс Қазақстанның табиғаты ерекше. Бұл жерде өсімдіктер де, жануарлар да сан аулан. Орман алқаптары да көп. Ондағы ағаш түрлері тіпті керемет», - дейді мектеп оқушысы Таина Кусакина.

Ал облыстық білім басқармасы болса «мектеп топтарын алмастыру» жобасын бастады. Мақсат - оқушыларды өзге білім ошақтарына жіберіп, тарихи жәдігерлерге деген қызығушылықтарын ояту.

«Ішкі туризмді дамыту мақсатында тарихи естелік орындарына оқушыларға экскурсия ұйымдастырылып, сонымен облыстық, қалалық және аудандық оқушылар арасында мектеп топтарының алмасу жобасы жүзеге асырылды», - деді облыстық білім басқармасы қосымша білім беру орталығы директорының міндетін атқарушы Мира Балғабаева.

«Альпі» шатырлы лагерінде колледж студенттері саяхатшы болудың қыр-сырымен танысты. Қызықты сайыстарға қатысып, ұжымдық жұмысқа араласты. Сонымен қатар жазғы демалыс оқушылардың табиғатқа деген сүй3спеншіліктерін де арттырды.

Осылайша жаз бойы түрлі бағыттағы демалыс лагерлерінде болып қайтқан мектеп оқушылары енді жаңа оқу жылын асыға күтуде. Білім басқармасы мамандарының айтуынша, келесі жылы да балалардың туристік және тарихи көзқарастарын кеңейтуге арналған ерекше жобалар ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар