09:32, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
ШҚО-да боранға байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының учаскесі жабылды
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектеулігі) байланысты 14 ақпан, сағат 9.00-ден бастап

"Алматы-Өскемен" а/ж 977-1075 шақырымының Қалбатау-Қ.Қайсенов аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілік етуде.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.