ШҚО-да бұрынғы қызметкер пошта бөлімшесін тонады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-да Қазпошта бөлімшесі тоналды. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмысқа зардап шеккен ұйымның бұрынғы қызметкерінің қатысы бар, деп хабарлайды YK-news.kz.
None
None

Шемонаиха АІІБ-нің мәліметтерінше, ұрлық фактісі туралы өтінішпен Усть-Талов кенттік пошта бөлімшесінің қызметкерлері келген. Олар өткен жылдың 23 желтоқсанына қараған түні қаскүнемнің ғимаратқа кіріп, ондағы сейфті бұзып ашып, ішінен 160 мың теңге алып кеткенін баяндады.

АІІБ қылмыстық іздеу бөлімінің бастығы Серік Оразовтың түсіндіруінше, қылмыс мықтап ұйымдастырылған. Тергеу нұсқасы бойынша, поштаның бұрынғы қызметкері кештен бастап пошта орналасқан ғимарат вестибюліндегі баспалдақтың астында тығылып отырған. Мұнда сондай-ақ әкімдік, Халық банк бөлімшесі және полицияның учаскелік инспекторының кабинеті орналасқан.

Кешкі уақытта ғимаратта адам қалмағаннан кейін, күдікті әйел пошта бөлмесіне кіріп, сейфті бұзып, ішінен 160 мың теңге алып шыққан. Одан кейін, тергеушілердің шамалауынша, ол баспалдақтың астына қайта кіріп, онда түнеп, таңертең жұмыс күні басталғанда ғимараттан шығып кеткен.

Тергеу кезінде жедел қызметкерлер поштаның бұрынғы қызметкерлерінің бірі өзі қарыз алған адамдарға ірі сомадағы ақша - жүз мың теңгені қайтарғаны белгілі болды. Осылайша бұрынғы қызметкер ұрлық жасауда күдікті танылды.

«Әйел қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі кезде күдікті ешқайда кетпеу қолхатын толтырды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп қосты Серік Оразов.

Соңғы жаңалықтар