ШҚО-да дәрігерге жала жапқан зейнеткер сотталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дәрігерге жала жапқан зейнеткерге қатысты сот ісі қаралды.

Суд арестовал имущество семьи Кожамжарова в Алматы
Фото: Pexels

Аудандық соттың мәліметінше, ауыл тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі топта Тарбағатай аудандық аурухананың бас дәрігерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан.

Сот барысында әйел адам өз кінәсін мойындамады. Ал дәрігер айыпталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.

— Сот жауапкерді ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оның зейнеткер екенін ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетті. Нәтижесінде ауыл тұрғыны 495 432 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, осыған дейін медицина қызметкерлеріне күш қолданғандар 12 жылға дейін сотталатындығы хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар