15:21, 24 Шілде 2015 | GMT +5
ШҚО-да демалыс базасында ер адам сүйіктісінің үстіне спирт құйып өртеп жіберген
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің қалалық ауруханасына қатты күйік шалған 39 жастағы әйел түсті. Ол Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы демалыс базасынан жеткізілді.
Анықталғандай, өткен түні ер адам мен әйел алкогольді ішімдік ішіп отырып, өзара сөзге келіп қалады. Ер адам қатты ашу үстінде сүйіктісінің үстіне спирт құйып, өртеп жіберген.
Әйелдің денесін 40 пайыз терең күйік шалған.
Полиция айыптыны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Адам өміріне қастандық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.