ШҚО-да егіс алқаптары ұлғайтылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да егіс науқаны аяқталды. Пайдаланбаған жерлерді қолданысқа енгізу есебінен ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алқап 33 мың гектарға ұлғайып, 1 320 мың гектарды құрады.
None
None

Биыл жергілікті атқарушы органдар өңірдің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен бірлесіп егін егу құрылымын оңтайландырды. 

Көктемгі егу жұмыстарын ойдағыдай жүзеге асыру үшін сапалы дайындық жұмыстары жүргізілді. Жөнделген көліктік-тракторлық парк жүз пайызға дайын болды. Агроқұрылымдар жанар-жағармаймен қамтылды.

Өнімділікті арттыру үшін шаруаларға 13 500 тонна субсидияланған минералдық тыңайтқыштар берілді.

Өткен жылдардағыдай, 2016 жылы егін егу кезінде интенсивті технологияларға көңіл бөлінді.

Бұл - бірінші кезекте ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдегенде ылғалды сақтау технологиясын енгізу.

Егер 10 жыл бұрын бұл технология 25 мың га аумақта жеке шаруашылықтарда пайдаланылса, 2016 жылы ылғалды сақтау технологиясы бойынша 463 мың га егін егілді.

2016 жылы облыс агроқұрылымдары 100% дәнді және бұршақ дәнді дақылдардың сұрыпталған тұқымын екті. Егу стандартының бірінші және екінші класы 87% құрады.

Жүргізілген дайындық жұмыстары егу жұмыстарын уақытында аяқтауға септесті, деп мәлімдеді бүгін баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин.

Соңғы жаңалықтар