ШҚО-да екі мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысындағы екі мешітте ұрлық жасаған күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.      

ШҚО-да екі мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

— «102» арнасына облыс орталығындағы мешіттердің бірінен құны 400 мың теңге тұратын «Asus» маркалы ноутбугінің жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасағаны үшін тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы күдікті ұсталды, — делінген ақпаратта.

Сонымен қатар ол күдіктінің басқа бір мешітте жасалған осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Ұры барлық жағдайда бірдей тәсілмен әрекет еткен. Тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерде ұрлық жасаған. Кейіннен ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Айта кетейік, ШҚО-да 320 млн теңге жымқырған экс-басшылар 7 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар