11:44, 16 Қазан 2013 | GMT +5
ШҚО-да элеватор өртеніп, 20 тонна күнбағыс дәні жанып кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында «Май» АҚ элеваторының кептіру камерасынан өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Өрт 3,5 сағаттан кейін ауыздықталды.
Тілсіз жаумен ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 13 техникасы мен жеке құрамының 54 адамы күресті.
Өрт салдарынан күнбағыстың 20 тонна тұқымы жанып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, Қарағандыда бүгін түн ортасында бесінші қабаттағы пәтерде 4 шаршы метр жер отқа оранды. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы мен жеке құрамының 17 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 42 жастағы ер адамның мәйіті табылды.