ШҚО-да ең қымбат және арзан VIP нөмірлер қанша тұрады
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында биыл 396 адам көлігіне сәнді нөмір сатып алған.
Өңір бойынша VIP нөмірлерге сұраныс артқан. Мұндай нөмірлер үшін мемлекеттік баждың құны әріптер мен сандардың таңдалған комбинациясына байланысты. Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының автокөлік иелері 247 сәнді нөмір сатып алса, биыл 396 нөмір алынған.
- Ең арзан VIP нөмірлер 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 және цифрлық белгілеу нөмірлері бірдей әріпті нөмірлер. Әр нөмірдің құны 57 АЕК (210 444 теңге). Ең қымбат VIP нөмірлері 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірдей әріптік белгілермен. Олардың құны 285 АЕК (1 052 220 теңге), - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.
Айта кетейік, автокөлік сатылған жағдайда, иесі нөмірді жаңа көлік сатып алғанға дейін 6 айға дейін мамандандырылған ХҚКО-да сақтауға қалдыра алады.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да скутер жүргізушісін қағып өлтірген ер адам 2,5 жылға түрмеге қамалғаны хабарланған.