ШҚО-да Ертіс суы көтерілуі салдарынан су басу қаупі сақталуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО ТЖД сейсенбі күні ШҚО-да Ертіс өзенінде су деңгейі көтерілетіні, бұл ретте су басу ықтималдығы бар екендігі туралы ақпаратты қайталады.
None
None

Ақпарат ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік су шаруашылығы инспекциясының ескертуіне сілтемемен түсті.

«Бұқтырма су қоймасына құйылған ағынды судың мөлшерден тыс болуына байланысты 2016 жылғы 19-21 маусым аралығы кезеңінде Бұқтырма және Өскемен ГЭС-і су ағызуды секундына 1100 текше метрден секундына 1300 текше метрге дейін ұлғайтты», - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

 

Соңғы жаңалықтар