ШҚО-да ежелгі түркі дәуірінің жаңа археологиялық қазбалары табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО Қатонқарағай ауданында жаңа сенсациялық археологиялық қазбалар табылды. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтің басшылығымен Марғұлан атындағы Археология институтының Астаналық филиалының экспедициясы Қара-қаба өзенінің жоғарғы ағысынан біздің дәуірге дейін VII-VIII ғасырға жататын шамандар көмбесін тапты, деп хабарлады Altaynews.kz.
None
None

Шығыс Қазақстандағы атақта Берел қорымдарына жақын Қара-қаба жоғарғы ағысында қазба жұмыстары бірінші жыл жүргізілуде. Тарихшылар үшін бұл орынның құндылығы жоғары, себебі онда жер астында ежелгі түрік мәдениетінің жүзге жуық бірегей ескерткіштері бар. Жуырда Астанадан келген археологтар тобы Қатонқарағайдағы дала жұмыстары маусымын аяқтады. Мақтанатын жайымыз бар, екі жылда қазба жұмыстары кезінде үш бір-біріне ұқсамайтын ежелгі ішекті аспап таптық. Бұл бізге қобыз бен домбыраны еске салды, - деп хабарлады профессор Зейнолла Самашев. - Барлық қазылған обалар - кезінде белгілі болған адамдардың, сарбаздардың қабірі, себебі адамдармен бірге аттар, құрбандықтар қоса жерленген. Бай салт-жоралғылық әбзелдер табылды.

- Бұл - бірегей тарихи ескерткіш. Бұл жерге шамандар жерленген деп болжап отырмыз. Бас сүйектегі бұл саңылауды медициналық мақсатта емес, діни мақсатта - жоғары әлеммен байланысу үшін жасайды, - деп жалғастырды З. Самашев. - Бас сүйекті тескенде шамандар қатты қиналды, трансқа түсті, оны айналасындағылар аруақпен байланысқа түсті деп қабылдаған. Профессор діндарлар жоғары дәрежелі болған деп болжайды. Қабірде табылған белгілерден олардың әскер болғанын, музыкалық аспаптарда ойнағандығын байқауға болады. Археологтың айтуынша, қорымнан әскер қарулары, темір дулыға, қылыш, қанжар, балта, садақ және т.б. табылған.

Берел - әлемдік деңгейдегі ескерткіш. Берел қорғаны ЮНЕСКО дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгенін қалаймыз. Бұл жұмыс аса ыждағаттылықты қажет етеді, деді ол.

Соңғы жаңалықтар