ШҚО-да фототұзаққа бұлан түсіп қалды

Крупный лось попал в фотоловушку заповедника в ВКО
Фото: видеодан алынған кадр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РМК-да орналастрылған фототұзаққа ірі бұлан түсіп қалды.

«Бұлан (лат. Alces) – бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректі, осы тұқымдастың ең ірі өкілдері.
Аталығының денесінің ұзындығы үш метрге дейін, биіктігі 2,3 метрге дейін жетеді, құйрығының ұзындығы 12-13 сантиметр; салмағы 360-600 килограмм. Аналығы кішірек. Сыртқы түрі бойынша бұлан басқа бұғылардан айтарлықтай ерекшеленеді. Оның денесі мен мойны қысқа.
Басы үлкен, өркешті, үстіңгі ерні ілулі. Тамақтың астында 25-40 см жететін жұмсақ былғары өсінді ("сырға") бар. Қылшық жүн, қоңыр-қара; аяғы ашық сұр, ақ түсті. Алдыңғы аяқтарындағы тұяқтар үшкір, бұланға оларды қасқыр немесе аю сияқты жыртқыштармен қақтығыстарда қару ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Аталықтарында үлкен күрек тәрізді мүйіздер бар; олардың ауқымы 180 см — ге жетеді, салмағы 20-30 кг. Күйлеу аяқталғаннан кейін (қыркүйек—қазан айларында өтеді), бұлан мүйіздерін тастайды. Сәуір-мамыр айларында жаңалары өсе бастайды. Аналығы мүйізсіз»,-делінген қорықтың Instagram парақшасындағы жазбада.

Осыған дейін Экология министрлігі фототұзақтың көмегімен сүтқоректілердің биоалуантүрлілігін зерттеуді жоспарлап отырғаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар
telegram