ШҚО-да «Галактика сақшылары» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қазақ тіліне тәржімаланған «Галактика сақшылары» фильмі көрсетіледі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының ШҚОФ өткен жиында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков хабарлады.
None
None

Дубляж халықаралық сапалық стандартқа сай жасалды. Оған Голливуд киностудиялар өкілдері де қатысты.

Атап өту керек, Қазақстан - түркі тілдес елдер арасында әлемдік кинокартиналарды осындай жоғары деңгейде аударған екінші ел.

«Бұл жоба ел жастары үшін әсіресе ШҚО жастары үшін маңызды. Өкінішке орай, мұнда мемлекеттік тілді білу деңгейі көңіл көншітпейді, - деді ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Бурахан. - Бұл фильм шетелдердегі қазақтардың да қызығушылығын тудыруы тиіс. Оларға туған тілін еске алуға септеседі».

«Галактика сақшылары» картинасының қазақша нұсқасы Астанада көрсетілді. Өскеменде «Үлбі» орталық мәдениет үйінде 1 тамыз күні шығысқазақстандықтардың назарына ұсынылады.

Еске сала кетейік, 2011 жылдан «Болашақ» қауымдастығы мен «Меломан» компаниясы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен голливуд фильмдерін қазақ тіліне аудара бастады. 3 жыл ішінде 9 картина аударылды. Олар: «Көліктер-2», «Жаңа Өрмекші адам», «Малефисента», «Қара киімділер-3» және т.б.

Соңғы жаңалықтар