06:09, 24 Тамыз 2014 | GMT +5
ШҚО-да халықаралық бал фестивалі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 тамызда Өскеменде бесінші халықаралық бал фествалі өтеді. Бұл туралы Қазақстан марал өсірушілер қауымдастығының төрағасы, «Қазақстан омарташы» ғылыми өндірістік жүйесінің мүшесі Нұрлан Тоқтаров хабарлады.

«Ағымдағы жылы 30 тамызда бесінші халықаралық бал фестивалі Өскеменде өткізіледі. Ауқымды шараға отандық сарапшылардан басқа Израиль, Түркия, Қытай, Румыния, Франция елдерінен мамандар келеді деп күтілуде», - деді Н.Тоқтаров.
Шетелдік мамандар омарта шаруашылығында озық инновациялық технологияларды пайдалану бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісетін болады. Мемлекет омарташылықтың дамуына үлен көңіл бөлуде. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қосымша субсидия бөлінді, оны асыл тұқымды араны өсірумен айналысатын шаруашылықтар алатын болады, деп хабарлайды strategy2050.kz.