09:00, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ШҚО-да халықтың кіріс мөлшері артып келеді, алайда тұтынушылар қоржыны қымбаттауда
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығысқазақстандықтардың ағымдағы жылғы шілде айында жан басына шаққандағы ақшалай кірістері 34 049 теңге деңгейін көрсетті,
бұл былтырғы жылдың кезеңдік көрсеткішімен салыстырғанда 11,4 пайызға артық, деп хабарлады Шығыс Қазақстанның статистика департаменті.
Шынайы кіріс мөлшері (тұтынушыларға арналған тауар мен қызмет бағасының өзгеруін есептегенде) 4,7 пайызға артты. Осы кезеңде күнкөрістің ең төменгі деңгейі 12 904 теңгені құраған, былтырғы жылмен салыстырғанда облыс тұрғындары үшін тұтынушы қоржынының мөлшері 5,5 пайызға артып отыр.