ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупі бар

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында алдағы 3 күнде таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі жоғары.

ШҚО
Фото: «Қазселденқорғау» ММ

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9-12 қаңтар аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

- Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар, бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-дан Ресейге бара жатқан автобус жолда қалып, 46 адам эвакуацияланғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар