ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде 4 ақпанға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсіріледі
Фото: gov.kz

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1-4 ақпан аралығында өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар.

- Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, қардың толастамай жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпауды ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда қар көшкіні түсірілгені хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар