ШҚО-да картоп шаруашылығын дамытуға арналған көшпелі семинар Семей аймағында өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Голландтық әдіс бойынша өнімнің осы түрін өсірумен 15 жылдан астам уақыт айналысып келе жатқан серіктестіктегі картоп өсіру шаруашылығының теориясымен және тәжірибесімен танысуға облыстың ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары мен мамандары, қала және аудан әкімдері, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, басқа агромекемелер, техника жеткізіп берушілер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Көшпелі семинардың бағдарламасы алқаптағы тәжірибелік сабақты, картопты күтіп-баптау және оны өсіру кезінде қолданылатын арнайы агротехника технологиясымен танысуды қамтыды.
Аграрлық семинардың теориялық бөлімі саланың тұқым шаруашылығын дамыту, көкөністі аурулар мен зиянкестерден қорғаудың қазіргі заманғы стратегиясы, картоп шаруашылығындағы қазіргі ахуал және Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарында оны дамытудың келешегі мәселелеріне арналды.
Көшпелі семинарда агроөнеркәсіп кешенінің бірінші жартыжылдықтағы даму қорытындысына ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев талдау жасады.