ШҚО-да қаржы пирамидалары 250-ден астам адамды алдап, 400 млн теңге пайда көрген

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Шығыс Қазақстан облысында 6 қаржы пирамидасының жолы кесілді.

Қарағанды облысының тұрғыны қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді
Фото: Александр Павский/ҚазАқпарат ХАА

Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қорғау мақсатында алаяқтық схемаларға қарсы күрес күшейтіліп жатыр. Бұл туралы ШҚО ПД Киберқылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бекжан Малғаждаров мәлім етті.

- Соңғы екі жылда облыс аумағында 6 қаржы пирамидасының жолы кесілді. Республика аумағында «Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical» және «Eolus» брендтерімен жұмыс істеген екі құрылымдық бөлімшенің басшылары сотталды. Тергеу барысында олардың фармацевтикалық компания мен шетелдік инвестициялық жобаларға қаражат тарту сылтауымен халықтан ақша жинағаны анықталды. Соның салдарынан 250-ден астам адам 400 миллион теңгеден астам шығынға батқан, - дейді ол.

Соңғы уақытта аймақта интернет-алаяқтық фактілері артып келеді. Ең кең тараған түрлеріне фишинг, жалған интернет-дүкендер, жарнама платформаларындағы жалған хабарландырулар, интернет арқылы бопсалау жатады.

- Алаяқтардың әрекеттеріне тән негізгі белгілеріне - олардың бірінші болып байланысқа шығуы, қаржы мәселесіне ерекше назар аударуы, құпия ақпаратты талап етуі, эмоциялық қысым көрсетуі және жылдам шешім қабылдауға итермелеуі жатады. Сол үшін күмәнді жобаларға ақша салмай, компаниялардың заңды мәртебесін тексеріп, жеке мәліметтерді жария етпей және күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, - дейді Бекжан Малғаждаров.

Еске салсақ, осыған дейін қаржы пирамидалары мен заңсыз жарнамаға қарсы шаралар күшейтілгені хабарланған

Соңғы жаңалықтар