ШҚО-да Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жаңа басшысы болып Ернар Мұстафин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ернар Рысқазыұлы 1980 жылы 17 желтоқсанда Семей облысы, Шар қаласында дүниеге келген. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін тасымалдауды ұйымдастыру инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Шар қаласындағы «Шар көлігі» ЖШС механигі лауазымында бастаған. 2006 жылы Өскемен қаласындағы «Дайда» ЖШС бас директорының орынбасары болып, бұл қызметте тоғыз жыл еңбек етті.

2017-2019 жылдары аралығында Өскемен қаласының «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС директорының орынбасары, бірінші орынбасары, кейін директоры лауазымында қызмет етті. 2019 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарды.


Соңғы жаңалықтар