18:09, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
ШҚО-да қасқырды өлтірген әйел марапатталмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО Аягөз ауданының әкімдігі күйеуін жыртқыштан құтқарып қалған әйелді марапаттауға сөз берді, деп хабарлады YK-news.kz.
Еске сала кетейік, 13 қаңтарда Желдіқара учаскесінде екі жергілікті тұрғынға қасқыр шабуыл жасаған. Зардап шеккендердің бірінің жұбайы жыртқышқа пышақ сұғып, ерін құтқарып қалды. Аудандық әкімшілік нәзік жандының батыл әрекетін назардан тыс қалдырмайды.
«Әзірге оның күйеуі ауыр халде ауруханада жатыр. Сондықтан марапат туралы айту орынсыз. Әрине, азаматшаның бұл әрекеті назарсыз қалмайды, қазір қандай марапат ұсынатынымызды ойластырып жатырмыз», - деп хабарлады ШҚО Аягөз ауданының әкімдігінен.