ШҚО-да қатты дауыл салдарынан бірқатар ғимараттар зақымданды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қатты дауыл өңірдің Абай, Аягөз және Қатон-Қарағай аудандарындағы бірқатар ғимараттарға зиянын тигізген.
None
None

Атап айтқанда, Абай ауданында желдің жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жетіп, банктердің бірінің аймақтық филиалының шатырын ұшырып жіберген, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. Ал Аягөз және Қатон-Қарағай аудандарында желдің жылдамдығы 18 м/с болды. Аягөз ауданында жел «Аягөз балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ шатырын көтеріп әкеткен. Қатон-Қарағай ауданындағы Үлкен Нарын ауылында №22 кәсіптік колледжінің оқу корпусы шатырының басым бөлігі ұшып кеткен. Сондай-ақ, Приморское ауылындағы жартылай орта мектептің спорт залының шатыры зақымданды. Естеріңізге сала кетейік, аймақтағы желдің жылдамдығы 18 м/с дейін жеткен. Жапа шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар