ШҚО-да Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы 531 пәтерлік 3 үйді қолданысқа беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаевпен кездесті, деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Кездесу барысында Шығыс Қазақстанда «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы тұрғын үй құрылыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Шығыс Қазақстанда 71 мыңнан астам тұрғын - «Қазақстан Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшылары. Бүгінгі таңда 6800 салымшының өз тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында несиелендіруге қажет қаражаттары бар.

Осы ретте облыстық әкімдік «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы тұрғын үй құрылыстарына қаражат тарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

- Тұрғын үй құрылысы біз үшін өте маңызды, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов кездесу барысында.

Қазіргі уақытта «Байтерек девелопмент» АҚ қаржысына 10 үйдің құрылысы басталып, 2017 жылы қолданысқа берілмек. Сонымен қатар, «Байтерек девелопмент» АҚ-на тағы 9 үй бойынша қаржы бөлуге сұраныс жіберілді.
Бұнымен қоса, Қазақстан ипотекалық компаниясымен де тұрғын үй құрылысына қаржы бөлу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталған компанияға 20 544,7 млн. теңгенің жалпы аумағы 140,3 мың шаршы метр немесе 2 407 пәтерді құрайтын 20 үй бойынша сұраныс жіберілді.

«КИК» АҚ арқылы 4 493,89 млн. теңгені құрайтын аумағы 31,662 мың шаршы метр немесе 531 пәтерлік 3 үйді қолданысқа беруге шешім қабылданды. Бір үй Өскемен қаласында, 2 үй Семейде салынатын болады.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев барлық сұраныс хаттары мұқият қаралатынын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар