ШҚО-да «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапаттау салтанаттары өтуде

ӨСКЕМЕН. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығысқазақстандық екі жүз жиырма жеті адам «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарына ие болды.
None
None

Облыстың ірі қалаларында жер-жерде еліміздің мемлекеттілігін дамытуға елеулі үлес қосқан аймақтың белсенді азаматтарын марапаттау салтанаттары өтуде. Мерекелік медальдарды тапсыру рәсімдері Семей мен Өскеменде өтті - ҚР Президентінің атынан наградаларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев табыс етті.

Облыс орталығында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарын салтанатты тапсыру қалалық әкімдіктің конференц-залында өтті. Бүгін металлургтердің Мәдениет үйінде марапаттау салтанаты жалғасады, одан кейін мерекелік концерт болады.

Марапатталғандардың арасында ұлттық-мәдени орталықтардың көшбасшылары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, кәсіпорындардың басшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері бар.

Облыстық этномәдеи кешеннің директоры, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Николай Зайцев өзінің жауап сөзінде «біздің әрқайсымыздың Отанымызды дамытуға қосқан үлесіміз оған деген зор сүйіспеншіліктің айқын көрінісі» деп атап өтті.

Салтанат соңынан мемлекеттік марапаттардың иегерлері ескрткішке суретке түсті.

Соңғы жаңалықтар