ШҚО-да қыстың көзің қырауда ауыл мектебінде жарық пен жылу өшіп қалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы мектепте жарық пен жылу өшіп қалды.

мектеп
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Глубокое ауданы Черемшанка ауылындағы мектепте жылу мен жарық өшіп қалған.

Білім ордасына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барды.

мектеп
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

«Туындаған мәселенің анық-қанығымен таныстым. Кеше трансформаторлық қосалқы стансаның жұмысындағы ақауларға байланысты жарық пен жылыту жүйесі істен шыққан. Бұл кезде мектепте оқушылардың болмағанын бірден атап өтейін. Өйткені олар қашықтан оқып жатты», — деді әкім.

Қазіргі уақытта «Біріккен энергосервистік компания» АҚ қызметкерлері жедел мектепке келіп, апаттың себебін анықтап, электр қуаты мен жылуды іске қосқан.

Сондай-ақ Ермек Көшербаев білім мекемесін орташа жөндеу қай кезеңге жоспарланғанымен танысып, педагогикалық ұжыммен өзекті мәселелерді талқылады.

Соңғы жаңалықтар