ШҚО-да қоғамдық көмекшілер институты тұрғындар проблемаларын шешуге оң ықпалын тигізуде

Кездесуде өңір басшысы «Осы 5 жылда мен сіздерден ай сайын тиісті деңгейде шешілмеген не мүлдем шешілмеген барлық проблемалық мәселелер бойынша ақпарат алдым, сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында халық проблемаларына барынша жедел ден қойып, уақтылы шешім қабылдай алдық. Айқын дәлел ретінде талдау көрсеткендей, 5 жыл ішінде көтерілген мәселелердің 90 пайызы оңынан шешімін тапқанын» атап өтті.
Ол қоғамдық көмекшілер өңірдің тұрақтылығын сақтауға ауқымды үлес қосып отырғандығына тоқталды, олар елдімекендерді абаттандыру, сумен қамтамасыз ету, маңызды нысандар құрылысын аяқтаудан бастап тұрғындардың жеке проблемаларына дейін көтерді.
«Біздің институт құрылған кезде көпшілігі сенімсіздік танытты, алайда қазір нәтижелері көрініп тұр, біздің азаматтардың көптеген шешілмей жүрген проблемалары шешілуде. Басқа да әкімдерге үлгі боларлық жақсы тәжірибе деп ойлаймын», - деді Жарма ауданының қоғамдық көмекшісі Төлеуберді Әубәкір. Кездесу соңында облыс әкімі қоғамдық көмекшілерді грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттады, сондай-ақ қайта тағайындалғандарға қызметтік куәліктерін табыс етті.