ШҚО-да көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінді

Егіс аумағын 90 мың гектарға дейін кеңейту жоспарлануда.
Көктемгі егіс жұмыстарының барлық кешенін өткізу үшін қажетті тракторлар, топырақ өңдеу және егін егу техникалары бар. Дегенмен ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы шамамен 87 пайызды құрайды.
Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев тұқым шаруашылығы мәселесін шешуге ғылыми зерттеу институтын қосып, жағдайлы біржақты қылуға тиісті мекемелерге тапсырма берді.
Биыл тұқымға республикалық бюджеттен 224 млн. теңге субсидия бөлінді.
Сондай-ақ субсидия дизельді отынға және минералдық тыңайтқыштарға да бөлінуде.
Дизельді отынға сұраныс 25 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күні дизельді отынды жеткізетін операторлар анықталды, келісімшарттар жасалуда.
Минералдық тыңайтқыштардың құнын 50 пайызға дейін арзандату жоспарлануда. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 286,4 млн. теңге қарастырылған, қаражат 7340 тонна тыңайтқыш сатып алуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1630 тоннаға артық.
Жалпы алғанда биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 810 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 118 млн. теңгеге артық.