21:50, 15 Сәуір 2025 | GMT +5
ШҚО-да қолайсыз күн райы салдарынан жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты.

— 2025 жылғы 15 сәуір сағат 20:50–де ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында қамыс пен шөпті шарпыған жалын толықтай өшірілгені белгілі болды.