ШҚО-да көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 7 ақпанға қараған түні Риддер қаласы Хариузовская көшесінде болған.

«Жол апаты салдыранан «Ниссан патрол» маркалы автокөлігінде 2 адам қыстырылып қалды. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жеткенге дейін жүргізушіні куәгерлер шығарып алған», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері апаттық-құтқару құралы мен домкраттың көмегімен көліктің алдыңғы тірегін кесіп, есік пен аспаптар панелінің бөлшектерін ашып, 1988 жылғы жолаушыны алып шыққан. Зардап шегуші жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Осы ретте, ТЖД мамандары қандай да бір қиындыққа тап болған өңір жұртшылығына «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.