ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 50-ден астам анықталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM - Өскемен қаласында жүргізілген рейд барысында қос азаматтығы бар адам жауапқа тартылды.

Америкалық ерлі-зайыптыларға қос азаматтығы үшін 738 мың теңге айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам шамамен 8 жыл бұрын өзге елдің азаматтығын алғанымен, осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының құжаттарын пайдаланып келген.

Сот шешімімен ол елден шығарылып, ҚР азаматтығынан айырылды.

- Қазақстан Республикасының заңдары қос азаматтыққа қатаң тыйым салады. Соған қарамастан, кейбір азаматтар зейнетақы немесе өзге де әлеуметтік төлемдерден айырылып қалмау үшін шетелдік төлқұжат алғанын жасырады. Бұл заңбұзушылық әрі ауыр құқықтық салдарға әкеліп соғады, - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері өңірде 50-ден астам қос азаматтық фактісі анықталған.

Еске салсақ, Атырауда құжаты жоқ 10 жастағы бала полиция көмегімен мектепке қабылданғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар