ШҚО-да қос азаматтығы бар 50-ден астам адам анықталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, заңға сәйкес басқа елдің азаматтығын алған адам 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының жеке куәлігі мен төлқұжатын міндетті түрде тапсырып, ел азаматтығынан шыққандығын тіркеу қажет. Алайда олардың кейбірі басқа елдің азаматтығын ала тұра, ҚР құжатын қолданып келеді. Көп жағдайда бұған зейнетақы, жәрдемақы және де басқа да белгіленген әлеуметтік жеңілдіктерді қолдану мақсатында барады. Жыл басынан бері өңірде қос азаматтығы бар 50-ден астам адам тіркелген.
«Мәселен, көші-қон қызметінің мамандары таяуда 2002 жылдың маусым айында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған Глубокое ауданының тұрғынын анықтады. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ол Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігіне сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ шетелдіктен ҚР азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты тәркіленді.