06:02, 23 Қараша 2015 | GMT +5
ШҚО-да ҚР Президентін құттықтауға арналған сайт ашылды (ФОТО)
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде ІТ-мамандар Тұңғыш Президент күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысын білдіруге мүмкіндік беретін www.KZ1.kz сайтын іске қосты. Бұл туралы брифинг барысында ІТ-мамандардың Шығыс Қазақстан облыстық қауымдастығының өкілі Денис Соколов айтты.

«Біз әркім өзінің алғысын білдіріп, жағымды эмоцияларымен бөлісе алатын сайтты іске қостық. Мұнда 120 символға дейінгі хабарламаны енгізуге болады. Бұл ІТ-акцияның мәні - біздің Көшбасшымызға, мақтан ететін Мемлекет басшымызға алғысымызды білдіру. ІТ-акцияны жүргізу барысында біз сайт қолданушылары арасында 20 смартфонды ұтысқа тігеміз», - дейді Денис.
Тілек білдіріп, смарфтон ұтысына қатысу үшін, өз ұялы телефоныңның нөмірін қалдыру керек. «Біздің Президентімізге - біздің құттықтауларымыз» акциясының қорытындылары 1 желтоқсан күні Өскемендегі Қазақстан Республикасы алаңында кездейсоқ сандарды анықтаумен шығарылады.
Қазіргі кезде сайтта өңір тұрғындарынан 874 215 тілек қалдырылған, оның саны сағат сайын өсуде.