ШҚО-да құмар ойынға шақыратын блогерлер мен аккаунтар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында Instagram-да заңсыз лотерея ұйымдастырған 12 аккаунт пен онлайн-казино жұмысын насихаттаған блогерлер анықталды.

В ВКО выявили блогеров и аккаунты, вовлекавшие пользователей в азартные игры
Фото: ШҚО ӨКҚ

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметтеріне қарағанда, 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында заңсыз лотерея ұйымдастырған 15 парақша анықталды. Аккаунт иелері ҚР Әкімішілік құқық бұзу кодексінің 445-1 бабы бойынша жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 5 млн теңге болды.

Бұл ретте әсіресе онлайн-казино жарнамасына ерекше назар аударылды. Биылғы жылдың шілде айында 2,3 млн 303 мың жазылушысы бар танымал екі блогер анықталды. Олар стористерінде құмар ойындар мен промокодтарды жариялаған.

Материалдар құқық бұзушыларды жауапқа тарту үшін өкілетті органдарға жолданды.

-Онлайн-кеңістік құмар ойындарды тарататын негізгі арна болып қалып отыр. Соның ішінде кәмелетке толмағандар арасында да. Сол үшін біз тұрақты түрде интернет-контентін мониторингілеп отырамыз. Ал заңсыз ойын қызметтеріне қатысты сайт сілтемелері бұғаттау үшін Цифрлық даму министрлігінің «Кибербақылау» жүйесіне жіберіледі,-деді ШҚО экономикалық тергеу департаментінің 2-ші жедел басқару орталығы бастығының міндетін атқарушы Қуат Рахымбаев.

2025 жылы сайттарды бұғаттау бойынша 637 сұраныс жіберіліп, оның 591 сілтемесі бұғатталды. Сондай-ақ заңсыз түрде құмар ойындарын онлайн таратқан 21 интернет-ресурс анықталды.

Ведомствоның мәліметінше, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұдан бөлек, өңірде лудомания деңгейін төмендету үшін профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонай-ақ еңбек ұжымдарымен кездесулер өтіп, волонтерлер мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен QR-кодтары бар буклеттер мен плакаттар таратылып тұрады.

Осыған дейін Өскеменде АЭС мамандарын даярлайтын жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар