ШҚО-да құжаттандыру және тіркеу ережелерін бұзғандары үшін Қазақстанның 146 азаматы жазаға тартылды

ӨСКЕМЕН. 30 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы полиция қызметкерлері «Мигрант» операциясын өткізу үшін елу үш жедел топ құрып, 1 556 нысанды тексеріп шықты. Аймақ территориясында болу ережелерін бұзғандары үшін 95 шетелдік азамат әкімшілік жазаға тартылып, біреуі елден шығарылып жіберілді.
None
None

Бұдан басқа, іздеуде жүрген алты қылмыскер ұсталды, ал құжаттандыру және тіркеу ережелерін бұзғандары үшін Қазақстанның 146 азаматы жазаға тартылды.

Семейде шетелдік жұмыс күшін заңсыз жұмысқа тарту дерегі анықталды. Қала дәмханаларының бірінде әкімші рұқсат берусіз Өзбекстан елінің екі азаматын пайдаланған. Ер адамдар дәмханада аспаз болып жұмыс істеді. Дәмхана әкімшісіне 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, ал шетелдіктер 394-баптың 3 тармағы бойынша жазаға тартылды. Сол жерде сондай-ақ қаланың наубайханаларының бірінде жасырын түрде жұмыс істеген Өзбекстанның алты азаматы анықталды.

Шетелдік жұмыс күшін жасырын пайдалану деректері Бородулихино ауданында да анықталған: ЖШС-тің бірінде күзетші болып РФ азаматы жұмыс істеген. Ауданның басқа тұрғыны Арменияның екі азаматын құрылысшы-әрлеуші ретінде пайдаланған. Ал Зайсанда жергілікті азаматша алты өзбекстандықты құрылысшылар ретінде ұстаған.

Аталған заң бұзушылықтар бойынша барлық тараптар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар