ШҚО-да Ленин ескерткішінің қирауына байланысты полиция тергеу жүргізуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында Ленин ескерткішінің қирауына байланысты полиция тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Осыған дейін Алтай қаласында Лениннің ескерткішін жөндеп жатқан мердігер компанияның жүк тиегіш көлігі ескерткішті құлатып, қиратып алғанын хабарлаған едік.

ШҚО Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдарын қолға алған.

«Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 203-бабы 1-бөлігіне (тарихи, мәдени ескерткіштерді, табиғат кешендерін немесе мемлекет қорғауына алынған объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл бап бойынша жаза ретінде үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар