ШҚО-да марал мүйізінен биологиялық белсенді қоспалар шығарылуда

Өскемендіктер қазір «Пантомарал» деп аталатын қоспаларды «Багратион-2» шаруашылығының қаладағы 15 сауда дүңгіршектерінен сатып ала алады, деп хабарлайды Аltaynews.kz
Арнайы сәйкестік сертификатымен, Денсаулық сақтау министрлігінің куәлігімен, өзге де тиісті құжаттармен расталған «Пантомарал» өнімі түйіршік таблеткалар мен ұнтақ түрінде және төрт түрлі шөппен, балмен араластырылған күйінде өндіріліп жатыр. Жаңа өнімнің барлық стандарттық талаптарға сай бо-луы оны Кедендік одақ елдерінде саудалауға мүмкіндік беріп отыр.
Құрғақ панты өндірісі цехында жылына 10-15 тонна өнім өндіруге болады. Марал мүйізінен осындай ерекше технологиямен панты алуға болатын құрал-жабдықтарды жасап шығарған «Вибромаш УК» директорының айтуынша, өнімге деген сұраныс болса, цехтың қуаты бүкіл облыстағы марал шаруашы-лықтарының өнімін өңдеуге жетеді.