20:07, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
ШҚО-да мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарманың бастығы тағайындалды
ӨСКЕМЕН. 19 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР мемлекеттік қызмет істері істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы қызметіне Мейрамхат Кәрібекұлы Айнабеков тағайындалды, деп хабарланды өңірлік ақпарат орталығынан.

М. Айнабеков өзінің еңбек жолын Семей облысы Шұбартау ауданына қарасты «Шұбартау» совхозында жұмысшы болып бастады. 2007 жылдан бастап - Семей қаласының әкімі.
Соңғы кездері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болды.