ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі 100-ден астам бала «Нұр Отан» партиясынан сыйлықтар алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының шығысқазақстандық мүшелері мүмкіндігі шектеулі 100-ден астам баланы естелік сыйлықтармен құттықтап, концерт ұйымдастырды. Мереке Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында «Мейірімділік пен жылулық пойызы» акциясының аясында қалалық «Жастар» саябағында өткен.
None
None

«Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасының бірінші орыбасары Нұрлыбек Шерубаев сыйлықтарды табыстау кезінде алдағы мереке барлық ересектерге олардың балалар үшін жауапты болып, қамқорлық жасауы тиіс екенін еске салатынын атап өтті. Ол сондай-ақ партиялықтардың бастамасын қолдаған демеушілерге алғысын білдірді.

«Мейірімділік пойызы» эстафетасы Семей қаласына берілді, деп хабарлады партия филиалының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар