ШҚО-да мұнай және газ құбырларына арналған изоляциялық материалдар шығаратын технологиялық желі іске қосылды

ң 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен  телекөпірде Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында мұнай және газ құбырларына және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығына арналған пенополителин және изоляциялық материалдар шығаратын технологиялық желі іске қосылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Облыс әкімі   Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бұл жобаның қуаты 1 млн. шаршы метр. «Биылғы жарты жылдықта облысымызда құны 10 млрд. теңгеге жуық 18 жоба іске қосылды. Сіздің берген тапсырмаңыз бірінші жарты жылдықта орындалды. Барлық көрсеткіштер былтырғы жылдың көрсеткіштерінен артық», деді әкім. «Сіз 1992 жылы бұрынғы Семей сынақ полигонының кешені базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығын құрдыңыз. Курчатов қаласын дамыту, оның ғылыми-техникалық мүмкіндігін пайдалану мақсатында ядролық технопарк аштыңыз. Бүгін біз сол технопарктің электронды өндірістік үдеткіш негізіндегі радиациялық технология кешенінде тұрмыз. Бұл кешен жоғарғы технологиялық өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді», деп толықтырды сөзін Б. Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар