ШҚО-да «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесенің аймақтық отырысы ашылды

КЕМЕН. 19 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде партияның республикалық саяси кеңес бюросының мүшесі Айгүл Соловьеваның қатысуымен «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы ашылды.
None
None

Отырысты партияның аймақтық филиал басшысы Бердібек Сапарабаев жүргізетін болады. ҚР Президентінің төртінші шақырылымдағы ҚР Праламент Мәжілісін тарату туралы Жарлығына сәйкес және жаңа Парламент сайлауының 15 қаңтарға белгіленуіне орай бүгінгі отырыста негізгі екі мәселе талқыланады. Бұл «Қазақстан. 2017 жылға дейінгі мақсаттар. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты партияның сайлауалды жобасы мен 25 қаңтар күні Астанада өтетін партияның кезектен тыс 14-ші съезіне делегаттар сайлау.

Соңғы жаңалықтар