ШҚО-да облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қызметкерлерінің жүйелі түрде пара алу фактілері анықталды - қаржы полициясы
кәсіпкерлерден құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік лицензияны беру және бұрын берілген лицензиялардың мерзімін ұзарту үшін жүйелі түрде пара талап ету фактілері анықталды.
Бұл туралы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаментіне облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының лауазымды тұлғалары құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияның мерзімін ұзарту үшін 75 мың теңге көлемінде пара бопсалап отыр деген арызбен кәсіпкер жүгінді.
Жүзеге асырылған жедел-іздестіру шараларымен аталған факт расталды, оған қоса осы мекемедегі пара алудың басқа да фактілері анықталды. Олар жүйелі сипатқа ие.
Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияны беру үшін 150 мың теңге пара алды деген күдікпен лицензиялау бөлімінің бастығы Рақышев пен осы бөлімнің бас маманы Дүсіпов ұсталды, ағымдағы жылғы 13 қазанда оларға қатысты пара алу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
16 қазанда олар сот санкциясымен қамауға алынды.
Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру шараларымен ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Мүкеевтің құрылыс-монтаждау жұмыстарының лицензияларын беру және оның мерзімін ұзарту үшін жалпы көлемі 300 мың теңге пара алу фактілері анықталды.
Ағымдағы жылғы 4 қарашада Мүкеев ұсталды, оған қатысты бірнеше рет пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 6 қарашада сот санкциясымен ол қамауға алынды.
Айыпталушылармен пара алудың өзге де фактілері тексерілуде.
Сонымен бірге, 2011 жылғы 24 қазанда Департаментпен Сәулет-құрылыстық бақылау басқармасының лицензиялау бөлімінің бас маманы Шерияздановаға қатысты парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол лицензиялау бөлімінің бастығы Рақышевтің 500 АҚШ доллар көлемінде пара алуы кезінде делдал болды деген айып тағылып отыр. Шерияздановаға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды