ШҚО-да өрттен көз жұмғандар саны 7%-ға азайды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында биылғы жылыту маусымында өрттен қаза болғандар саны 7%-ға азайды. 

ШҚО-да өрттен көз жұмғандар саны 7%-ға азайды
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар жер үйлердегі өрттің алдын алу үшін рейдтерге шығуда. Облыста әлеуметтік тұрғыда осал отбасылар пеш жағып отырған 3 101 үй бар. Бұл үйлер толықтай тексерілді. 

- ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен полицейлерден құралған комиссиялық тексерулер екі рет жүргізілді. Алғашқы аралау барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 1 379 үй анықталды. Негізінен, бұзушылықтар пешке қатысты болды. Профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қайталама тексерулер барысында 234 үйдегі бұзушылықтар жойылды. Әр үй иесіне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық берілді, - делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, биыл өңір бойынша өрттен қаза болғандар саны 7%-ға, иіс тигендер саны 47%-ға азайды. 

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да бір күнде 70-тен астам көлік қар құрсауында қалғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар