09:43, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
ШҚО-да өрттің салдарынан екі әйел мерт болды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше сағат 02.55-те Шығыс Қазақстан облысының Қыземшек ауылында жекеменшік үй өртеніп, үйдің үстіңгі жабыны опырылып құлады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Өрт сағат 12.16-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 17 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Жалын 100 шаршы метрді шарпып өтті. Өрт орнында 50 және 36 жастағы екі әйелдің мәйіті табылды, 52 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.