15:34, 02 Шілде 2009 | GMT +5
ШҚО-да өзара төлем жасамау санының өскені байқалады
ӨСКЕМЕН. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының ірі және орта кәсіпорындары арасында өзара төлем жасамау саны 60 пайызға ұлғайған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша ұлғаю 12,8 млрд. теңгені құраған, ал өзара қарыздардың жалпы сомасы 525 млрд. теңгеден асады.
Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда мерзімі өткен төлемдердің сомасы өнімдердің және көрсетілген қызметтер көлемінің 15 пайызын құрайды.