ШҚО-да полиция қызметкерлері борышкерлерден 17 млн теңге өндірді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында 17 млн теңге өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

ШҚО-да полиция қызметкерлері борышкерлерден 17 млн теңге өндірді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Борышкер» жедел алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұлдарды өндіруге кіріскен.

Іс-шараның үш күнінде полиция қызметкерлері мемлекет бюджетіне 17 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды. 2 000-нан астам азаматқа әкімшілік айыппұл берешектері туралы хабарланды. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұраққа 110 автокөлік жеткізілген.

«Мәселен, полицейлер жалпы сомасы 1 млн теңгеден асатын 54 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жүргізушіні анықтады. Оның автокөлігі қарызды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды», - деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.