ШҚО-да пойызға отыру үшін ПТР анықтама талап етілмейтін болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында пойыз және ұшақ жолаушыларынан ПТР тест анықтамасы талап етілмейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да пойызға отыру үшін ПТР анықтама талап етілмейтін болды

Бұл жайлы бүгін шыққан Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылған.

«Шығыс Қазақстан облысының ішкі әуе және теміржол қатынастарында COVID-19 бойынша шектеу шараларын күшейту туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 31 қазандағы № 59 қаулысына өзгерістер енгізілді. Енді пойыз және ұшақ жолаушыларынан ПТР тест анықтамасы талап етілмейді», - делінген құжатта.

Жаңа қаулы 16 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да шектеу шараларының 30 желтоқсанға дейін ұзартылғаны хабарланған.