ШҚО-да прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқығы қорғалды

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы сот орындаушылардың әрекетсіздігінен жұмысына кедергі келген инвестордың құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ШҚО-да прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқығы қорғалды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ҚазАқпарат ХАА

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, инвесторлар құқығының бұзылуына жол бермеу мақсатында өңірде прокуратураның фронт-кеңсесі жұмыс істейді. Оның жұмысына барлық мүдделі органдар қосылған.

«Кеңсеге «Востокмашзавод» АҚ инвесторы жүгінді. Белгілі болғандай, компания борышкерлердің бірыңғай тізілімінде болмауына қарамастан оның шоттары мен мүлкіне салынған тыйым алынбаған. Бұл «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның 36-бабының 3-тармағы мен 47-бабының 2-тармағына қайшы. Осылайша, сот орындаушыларының әрекетсіздігі инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі келтірді», - делінген ақпаратта.

Инвестордың бұл мәселені шешу үшін сот орындаушыларына өз бетінше жасаған өтініштері еш нәтиже бермеген.

«Облыс прокуратурасының араласуынан кейін ғана ШҚО Әділет департаменті «Востокмашзавод» АҚ шоттары мен мүлкіне шектеулерді алып тастау үшін тиісті шараларды қабылдады. Инвестордың құқығы қорғалып, мәселе шешілді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар