ШҚО-да ресейлік көліктерге қатысты сall-орталыққа 250-ден астам қоңырау түсті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір аптада ресейлік көліктерге қатысты сall-орталыққа 250-ден астам қоңырау түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да ресейлік көліктерге қатысты сall-орталыққа 250-ден астам қоңырау түсті

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 11 қарашадан бастап өңір жұртшылығына Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерді пайдалану және тіркеу бойынша сұрақ қойып, кеңес алуға мүмкіндік беретін сall-орталық іске қосылған. Тұрғындар ол үшін 8(7232)23-41-65, 23-41-59 және 8-705-133-84-40 нөмірлері арқылы қоңырау шала алады.

«1 апта ішінде облыс бойынша 250-ден астам адам хабарласып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Көпшілікті көлігінің тіркеуден шығарылғандар тізімінде бар ма, одан әрі жүре бере ала ма деген сияқты сұрақтар мазалаған. Жедел желі алдағы уақытта да жұмыс істей береді», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда жүрген ресейлік нөмірлі 88 мың көліктің тіркеуден шығарылғаны хабарланған болатын.